Созақ ауданының ресми сайты

Созақ ауданы


Созақ ауданы – Түркістан облысының солтүстігінде, Қаратау жотасының етегінде орналасқан, ежелгі тарихы терең, киелі өңір. Оңтүстігінде Сауран, Бәйдібек аудандарымен, солтүстігінде Ұлытау облысының Ұлытау, Жаңаарқа аудандарымен, шығысында Жамбыл облысының Сарысу ауданымен, батысында Қызылорда облысының Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарымен шектеседі. Шекарасының жалпы ұзындығы 1255 шақырымнан астам, барлығы құрлық арқылы өтеді.
Жерінің көпшілік бөлігін тасты-құмды шөлді жазық (Бетпақдала, Мойынқұм) алып жатыр. Оңтүстік және оңтүстік-батысында ала Қаратау жотасы орналасқан. Солтүстік-батысында Ащыкөл ойысы, Тамғалы соры, орталық бөлігінде Тамғалынұра қонысы, шығысында Сүмбешетарал қонысы мен сор жерлер орналасқан. Ең биік жері – Бессаз шыңы. Оны жергілікті халық Мыңжылқы деп атайды. Оның биіктігі – 2176 метр. Сілемі солтүстік-батыс бағытқа қарай 420 шақырымды құрайды.
Толығырақ